«Қылмыс пен жаза» романының Семей қаласындағы Ф.М. Достоевский атындағы театр сахнасындағы премьерасы тек театрлық оқиға ғана емес, дәуірлер тоғысқан шынайы мәдени сұхбатқа айналды.
Театр фойесінде Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі «Ф.М. Достоевский. Эпизодтар» атты көрмені ұсынды — бұл жазушының тағдыры мен шығармашылық жолына арналған бірегей жоба. Көрме Қазақстан үшін арнайы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі тарапынан Астанадағы Русский дом қолдауымен дайындалып, 2021 жылы Семейдегі Достоевский музейіне сыйға табысталған.
Кештің ерекше атмосферасын түпнұсқа жәдігерлер айқындады: «Қылмыс пен жаза» романының жазушы көзі тірісінде жарық көрген басылымдары, шығарманың әлем тілдеріндегі нұсқалары, XIX ғасыр кітаптары, дәуір тынысын сездіретін тұрмыстық заттар. Сондай-ақ 1981 жылғы афишалар мен «Қылмыс пен жаза» спектаклінен көріністер — 1981 жылғы қойылым (режиссер Г. Кристель) және 2007 жылғы қойылым (режиссер В. Дель) фотосуреттері ұсынылды. Бұл материалдар ұлы романның әр кезеңдегі көркемдік интерпретациясын айқын көрсетеді.


















