Семей оқиғасы

Семейде Достоевский  әдебиетсіз, шығармашылықсыз отыра алмайды, каторгадан кейін ол еңсесін түсірген жоқ, керісінше ол өзінің жазушылық қабілетіне сенеді.

1856 жылдың 13 қаңтарында  ол ағасы Михайлға : «…менің жазғым, басылымға шыққым келеді. Әсіресе қазір, мен өзімнің бұл жолға бекер түспегенімді, жерді бекер басып жүрмегенімді білемін. Мен өзімнің талантым бар екеніне, жақсы нәрсе жазып шығатыныма сенемін.»

Бірақ бұрынғы мемлекеттік қылмыскердің басылымға шығуына мүмкіндік бар ма? 10 жыл бойына Ресейдің әдеби өмірінен сызылып тасталған жазушы, астаналық редакцияларға  ұсынатын несі бар еді?.

Әрине, бірінші кезекте каторгада көргендерін қағаз бетіне түсіру тұрды. Сонымен міне «Қаза болған халық туралы жазбалардың» («Өлі үй жазбалары»)бірінші  бөлімі аяқталды,Достоевский оны Семенов-Тян-Шанскийге оқып береді, Тян-Шанский естігендеріне қайран қалады.

Бірақ бұндай шығармамен басылымға шығу мүмкін емесін жазушы жақсы түсінеді де бұл жұмысты ысырып қояды.

Семей  сияқты түпкірде әдеби және қоғамдық өмірдің бағытын анықтау қиынға соқты.Достоевский аса көп уақыт қоғамнан алшақ болды. Бұл кезде Ресейде : Чернышевский, Добролюбов, Островский, Писемский, Герцен, Толстой сияқты жаңа жазушылардың толқыны пайда болған еді. Өкінішке орай жазушы жаңа пайда болған ойлардан, талаптар мен бағдарламалардан сабақ алмады.

Оның дамуы тек өзінің ерекше тәжірибиесі арқылы іске асып отырды. 1858 жылы Якушинге жазған хаты өкінішке толы еді:

«Мені мезі еткен Семейде тұрамын, мұндағы өмір мені қатты қинайды. Әдебиетпен айналысудың өзі мен үшін демалыс, жеңілдік емес, азапқа айналды десем, сенер ме едіңіз?..барлығына мені қоршаған орта мен ауру жағдайым, көңіл-күйімнің жоқтығы мен ауылдық топастық кінәлі. «Русское словодағы» повестке байланып қалдым, пошта арқылы жазып жатырмын, аяқтап та қалдым оны…  Маған ол ұнамайды сол  үшін де көңілсізбін,  оқырман алдына осылай шығуға мәжбүрмін, өте өкінішті…»-деп жазады

1859 жылдың қаңтарында Достоевский «Ағайдың түсі» повесін аяқтайды. Мұнда ол өзіне беймәлім «ауыл» тақырыбын қозғайды. Ол Ресейдің шалғайда тұратын білімсіз, дөрекі, көргенсіз, пасық  халқының тұрмысын сипаттайды.Бақылауға бай мғлұмат берген: Омбы, Семей, Кузнецк, Барнаул- бұл  қалалардың бір бірінен  еш айырмашылығы болмады. Осы қалалардағы  өсек-аяң, айғай-шу шығарманың мазмұны өрбитін Мордасов қаласына ұқсайды. Шығарманың сюжеті сырттай комедиялық, сықақтық десе де болады, бірақ  қорланғандар мен намысы  тапталғандардың тағдырын сатиралық түрде аяусыз әшкерелейді.

Семейде жазылған екінші «Степанчиково ауылы және оның тұрғындары» атты комедиялық жанрдағы повесі де цензураға жалтақтаумен жазылған еді. Повесін бітіргеннен кейін Достоевский «цензура бұдан түк таппас» дейді. Айтқаны айдай келді. Дәл осы сырттай шүбәсіз жазылған шығарманы оқырман қауым немқұрайлы қабылдады. Оқырман-замандастары шығарманың беткі үйлесімділігінің астарындағы ызаны, крепостнойлық құқыққа  қарсылықты байқамады.

1859 жылдың 9-мамырында Достоевский ағасы Михайлға жазған хатында : «Бұл  романға әрине, көп нәрсе жетіспейді, бірақ  оның өзіндік құндылығы бар. Мені өлтіріп тастаса да, онда керемет дүниенің бар екеніне сенімдімін!Бұл шығармам жан дүниемнен шыққан. Мұнда Гоголь астына қол қоярлықтай ұлы комедиялық сценалар да бар… Мұнда  бес жыл бойында құрастырып жазған  орыстардың мінез құлқы мен, әлі күнге дейін дұрыс көрсетілмеген  орыс әдебиетінің екі үлкен  типологиялық мінезі  бар.»

Семейде жазған повесттерін  «Қылмыс пен жаза», «Нақұрыс», «Ағайынды Карамазовтар» романдарынан он жылға жуық уақыт бөліп тұр десек те, біз Достоевский шығармашылығында дамытылған мінез-құлықтар, кейіпкерлер мен ой пікірлерді кездестіреміз.

Экспозицияда Семейде жазылған повестердің ең алғашқы басылымы мен Достоевскийдің қойын дәптерінің беттері,  Қазақстандық суретшілер Е.Сидоркин мен А.Дячкиннің шығармаға салған суреттері қойылған.