КВН командасымен кездесу

Май 3, 2024

Ф.М. Достоевскийдің әдеби –мемориалдық музейінде шығармашылық кеш өтті. Кештің қонақтары «Әуезов құрамасы» яғни Көңілді Тапқырлар Командасы мен кездесу өтті. Бұл кештіңде ұйымдастырылуы бекер емес. Әйгілі жазушы Ф.М. Достоевскийде әзілге жақын болып, жазушының карикатурасыда бар. Соны мен байланыстырып және жалпы 1-сәуірдің өзі күлкі күннен басталғандықтан музейімізде Абай обылысының атын шығарып жүрген КТК яғни «Әуезов құрамасын» шақырып керемет кештің күәсі болдық. Шығармашылық кеште құрама мен сұхбат болып сұхбат барысында сұрақтар қойылып жоспарлары мен бөлісіп, өткенге оралып сұхбат жалғасты. Қонақкәде сұралып «Әуезов құрамасы» өздерінің керемет ойындарын көрсетті. Залымыздың қонақтары жоғарғы «Авиценна» медининалық колледжінің көңіл-күйін көтеріп, күлкі сыйлады. Колледж ұжымына және студенттеріне кешімізге атсалысқан үшін алғысымыз шексіз.