Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойы тойланды.

Март 22, 2025

Келіп жеткен қазақтың жаңа жылы наурыз мерекесі де келіп жетті, күннің жылып, адамдардың жүзі жадырап, жер еріп, көктің шыға бастаған, қуаныш пен мейрімділіктің, кешірім сұрап, құттықтау, жақсылық тілейтін уақыты. Осындай тамаша көңіл күй мен музейде де мерекелік бағдарлама өтті. Тойдың басын шашу шашумен аштық, қонаққа келген апаларымыз шашуын шашып, жақсылық тіледі. Мерекеміздің басты қонақтарының бірі жетекшілері Асем Бакыткановна бастаған №17 ЖОББМ пен жетекшілері Гаухар Канатовна бастаған №31 ЖОББМ оқушылары қатысты. Жоғары сынып оқушыларына викториналық сұрақтар қойылып, қазақтың салт-дәстүрлері жайлы тағы білімдерін шыңдап, білмеген дәстүрлерін біліп шықты. Кішкентай бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп Наурыз мейрамын жандандырды. Сахнаның көркін келтіріп, өлең, тақпақтары мен қуантты. Ұстаздары құттықтап, сәттілік тіледі.