Ф.М. Достоевскийдің әдеби мемориалды музейінде «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» ғашықтар мерекесіне арналған «Жүрегімді жылытқан Махаббат» атты кеш өтті

Апрель 15, 2025

Мерекенің мақсаты жастарға махаббат жайлы түсінікті тереңрек түсіндіріп, сезім шыңының биік белесінде көрінуге ықпал жасау. Бүгінгі кездесудің қонақтары Гарнизондық офицерлер үйінің жас өнерлі отбасылар мен кездесу өтті. Кездесуде жастар отбасылық тәжірибелері мен бөлісіп артарынан келе жатқан жастарға кеңестерін айтты.
Серікбол мен Ақбота Сейлхановтар отбасы. 2016 жылы шаңырақ көтерген. Медет пен Тоғжан Бейсегазыевтер отбасы. 2017 жылы шаңырақ көтерген. Бекболат және Мөлдір Төкеновтар отбасы! 2023 шаңырақ көтерген отбасылары музейге қонаққа келіп, тамаша кештің куәсі болдық. Әр отбасы қазіргі заман көз қарастары мен өз өміріндегі қызықты сәттер мен бөлісіп, жастарға саналы түрде отбасы құруға тағы бір түсінік болды деген ойдамыз. Қонақтардан қонақ кәде сұралып кездесуіміз әдемі нотада аяқталды.