29-мамыр 2024 жылы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде Қазақ өнерінің өз өкілі, ұлттық өнердің уызына жарып, бойына сіңіріп өскен мәдениет саласының майталманы Құсмілия Нұрқасым Жырғалыұлының 75-жас мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің «Мәдениет қайраткері» медал иегері, Нұрқасым Құсмілия Жырғалыұлы мен сұхбаттасып, жас ұрпаққа Семей тарихынан шолу жасап, өзінің шығармашылығынан өлеңдер мен әндерін және арнаулар мен ой толғауларын паш етті. Қонақта Абай театрының актерлары және Қалалық мәдениет сарайының әншілері мен Профессор Амантай Исин ағамыз және ұлағатты ұстаз Жұмабек Сүлейменұлы құттықтап өз лебіздерін білдірді. Кешіміз өте мәнді және мағаналы болып, көреремен тарапы ризашылықтарын көрсетті.