2024 жылдың 8 маусым Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде Семей және Өскемен әдебиетшілерінің шығармашылық кездесуі өтті. Іс-шара А.С. Пушкиннің 225 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді. Геннадий Пуссептің басшылығымен ШҚО Рухани керуенінің құрамына «Звено Алтая» литобірлестігі ақындары, архив қызметкерлері, Достық Үйінің өкілдері және білім беру қызметкерлері кірді.. Қонақтар музейге кітаптарды сыйға тартты. Шығыс Қазақстан авторларының 30 томдық шығармалар сериясы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және «Звено Алтая» литобірлестігінің 100 жылдық мерейтойына орай «ВКПК Арго»ЖШС бастамасымен басылып шығарылды. Кездесуге » Прииртышье » қоғамының өлкетанушылары, » Иртышские огоньки » литобірлестігінің ақындары және музей достары қатысты. Шығармашылық кездесуді Геннадий Пуссеп пен Евгений Титаев өткізді.