"Алтын Шаңырақ" шығармашылық кездесуі

Март 17, 2024

Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде Наурызнамның онкүндігі бойынша 17-Наурыз күні «Алтын шаңырақ» атты шығармашылық, отбасылық кездесу өтті. Кезедесуге Абай обылысының Абай атындағы қазақ музыка драма театырының майталмандары ҚР мәдениет қайраткерлері Сыдықов Мырзахан, Тойымбаева Бақыт және Мұханбетова Шолпан аға-апайларымыз келіп керемет кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты жас ұрпаққа отбасы құндылықтары мен тәртіптері жайлы көптеген мәліметтер айтылып, насихатталды. Студенттердің көкейінде жүрген көптеген сұрақтарына жауап алып, отбасылық қағидаларды өз ой електерінен өткізіп тағы бір өмірдің маңызды қадамын нық басуға себеп болар деген үміт қалдырдық. Соны мен қатар Абай театрына биыл 90-жыл толды. Мерейтойлары мен құттықтап, алдағы шығармашылық жұмыстарына табыстар тіледік.