Мемориалды пәтер

Мемориалды пәтер XIX – ғасырдың ортасында пошташы Лепухиннің  кішігірім ағаш үйінің екінші қабатында  орналасақан.

Достоевский бұл пәтерді 1857 жылы М.Д.Исаевамен  некеге тұруға  дайындалып жүріп,  «сегіз рубль күміс ақшаға» жалға алады. Осы жерде олар Семейден кеткенше екі жарым жыл бойы тұрды.

Пәтер үлкен емес:  ас бөлме, қонақ бөлме, жатын бөлме және жазушының кабинетінен  тұрады.  1885 жылы №1 «Тарихи жаршыда» жарық көрген Достоевскийдің рота командирі болған  А.И.Гейбовичтің қызы Зинаида Сытинаның естеліктері бойынша, құнды мәліметтерге сүйене отырып, пәтер қалпына келтірілген. З.Сытина бала кезінде Достоевскийдің Семейдегі үйінде жиі болатын. Оның естеліктері ұсақ-түйектерге бай болмасада, мемориалды пәтерді қалпына келтіру үшін негізгі бастау болды:

«Достоевскийдің Семейде  тұрған бұл үйі менің есімнен кетпейді. Ол төрт бөлмеден тұратын: біріншісі кішігірім бөлме-ас үй болатын, жанында –жатын бөлме, бірінші бөлмеден солға қарай – қонақ бөлме, одан солға қарай үлкен бұрыштық бөлме- жазушының кабинеті еді. Жиһаздары қарапайым болса да өте қолайлы еді: қонақ бөлмедегі диван кресло мен орындықтар әдемі, қымбат матамен өрнектелген, диванның алдында үстел тұрды, ал кабинеттің есігінің сол жанында  француздың S әріпі тәрізді кішкентай диван және бірнеше кішкентай орындықтар қойылған. Бұрыштағы терезенің алдында, Федор Михайловичтің  ұзақ бойы ұнатып, отыратын креслосы тұратын. Есік, терезелерде перделер ілініп тұр, басқа бөлмелері де қарапайым, ыңғайлы етіп жиналған.

Достоевский отбасында Василий деген бір қызметші жұмыс атқаратын, ол аспаз да, лакей де, атқосшы да еді, Достоевский оны таптырмайтын  адам деп бағалайтын.  Достоевскийдің эпилепсия ауруы асқынып, талмасы ұстаған кезде Василий оны жас балаша қарайтын. Достоевскийлер қаладан кетерде Василийді менің әкеме беріп кетті, ол біздің үйде 1859-1865 жылдарда тұрды,  бұрынғы мейірімді қожайындарын жиі есіне алып отыратын.

Федор Достоевский қарапайым өмір сүретін, уақытының көп бөлігінде шығармашылықпен айналасуды жөн көретін…»

Достоевский қаладан кеткен уақыттан бері Семейде көп нәрсе өзгерді, ал оның тұрған пәтерінен еш нәрсе қалмады десе де болады. Пәтердің ішкі жоспары өзгерді. Достоевскийдің өнерін пір тұтушылар  осы үйдің жанына келіп, тек сырттай ғана жазушының көзі тірі кезіндегі уақытты елестете алатын.

1971 жылы  Ф.Достоевскийдің мұражайы ашылғаннан кейін ғана мемориалды пәтер қалпына келтірілді.

Енді баспалдақпен жоғары шығып, бірінші  шай дастарханы жасалып тұрған ас бөлмеге кіруге болады. Достоевский отбасында шай ішу дәстүріне ерекше көңіл бөлінетін. Жақсы шай түнгі жұмыс кезінде өзіңді сергек сезінуге көмектеседі, Достоевский әдетте шығармашылықпен түн мезгілінде, үй іші ұйқыға кеткенде шұғылданатын. Ас бөлмеде оған арналған самауыр кез келген уақытта қайнап тұратын, оның романдарындағы кейіпкерлер де шай ішкенді ұнатады. «Бейшаралардағы» Макар Девушкинді, «Жындар» романындағы Кирилловті есіңізге алыңызшы, Макар үшін шай басқалардан кем болмау үшін керек болса, Кирилловке шай оның түнгі философиялық ойларына көмекші болды.

Достоевскийлердің үйінде қонақтар жиі болатын. Олар келгендерді қонақ  бөлмеде қабылдайтын. Осында Шоқан Уәлиханов, П.П.Семенов(Тянь-Шанский) сияқты адамдар болған. Қонақ бөлмеде Достоевский қызметтен кейін  демалғанды ұнататын. Оны бұрыштағы терезе алдындағы креслода отырып, Ертіске қарап ойланып отырғанын жиі көруге болады.

Қонақ  бөлмедегі сол жақ есік кабинетке қарай апарады, кей кездері осында Достоевский түней салатын. Кабинет те өте қарапайым жабдықталған. Терезенің алдында үлкен жұмыс үстелі тұр, оның үстінде қалың журналдар мен қатаң ретпен қойылған қағаздар жинаулы тұратын.

Есіктің сол жағында түнгі жұмыс аралығында дем алуға қолайлы  кішкене кабинет диваны  қойылған.

Осы бөлмеде ол өзінің семейлік шығармалары – «Ағайдың түсі» мен «Степанчиково ауылы  және оның тұрғындарын »  жазды. Осы жерде оның кейіпкерлерінің бейнелері, кейіннен «Өлі үй жазбалары» романына айналған  «қаза болған халық» туралы жазбалары пайда брлды.

Мария Дмитриевнаның жатын бөлмесі ерекше жайлылықпен жиналған. Мұнда қолөнермен айналысатын үстел тұратын, әсіресе Мария Дмитриевна онымен қолы бос уақытта, жұбайын қызметтен тосып отырған кезде шұғылданатын. Ескі комод та, тумбочка да өрнектелген салфеткалар, төсекте шілдерлі покрывало жыбылған, жастықтың тысы да өрнектеліп кестеленген. Үйде  жинақы, ұқыпты әйел адамның тұратыны бірден сезіліп тұрады.

Қонақ бөлмесі

 

Кабинет

 

Жатын бөлме