"Күзгі қиял" қосымшасын жасау бойынша Мастер-класс

Октябрь 14, 2024

Ф.М.Достоевскийдің әдеби мемориалдық музейінде  «Дастан» аула клубы  және педагогикалық колледждің машықкерлері мен «Күзгі қиял ғажайып» атты күз мезгіліне арналған шеберлік сабақ өтті.  Шеберлік сабаққа №31 ЖОББМ 5-сынып оқушылары қатысты. Шеберлік сабақ қала күніне орай қаламыздың күзгі кереметін суреттеуге арналды. Семей қаласының тамаша табиғатын балалар суреттеп беріп соны өз қолдары мен және машықкерлердің көмегі мен қағаз бетіне түсірді.

«Балалардың қиялдары ұшқыр ғой шіркін, әр бала өзінше ой қосып армандады», — деп музей қызметкері Сарсембекова Сана атап өтті.