"Біздің жүрегіміздегі батыр" әдеби кеші

Октябрь 14, 2024

Ф.М. достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде Рақымжан Қошарбаевтың 100-жылдығына орай «Халқының жүрегіндегі қаһарман» атты әдеби кеш өтті. Кешімізді батыр рухына тағзым етіп, оның ерен еңбегі мен жанкешті ерліктерін еске алу үшін ұйымдастырдық. Кеште батырдың өмірбаяны мен ерлігі  және марапаттары мен майдандағы жанқиярлық оқиғалары жайлы айтылды.  Кешке қатысушылар өздеріне батыр жайлы көп мәлімет алып, ризашылықтарын білдірді деп музей қызметкері Сарсембекова Сана өз сөзінде атап өтті.