Вячеслав Кобринді еске алуға арналған әдеби-музыкалық кеш

Февраль 17, 2024

2024 жылдың 17 ақпанында Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде Орыс әлеуметтік — мәдени орталығымен бірлесе отырып, пацифист ақын Вячеслав Кобринді еске алуға арналған әдеби — музыкалық кеш өтті.
М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, Геологиялық барлау колледжі және «Семей Колледжінің оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты. Олардың орындауында ақынның өлеңдері айтылды.
Көптеген композиторлар Вячеслав Григорьевичтің өлеңдеріне музыка жазды және «Истоки» шығармашылық ұжымдарының, «Иртышанка» ансамблінің, Татар өнер мектебінің балалар ұжымының орындауында махаббат, достық, ана туралы жанды әндер шырқалды. Вячеслав Кобрин туралы композитор,
Татар өнер мектебінің оқытушысы Ғабдулхак Ахунжанов өз естеліктерімен бөлісті, ол бірлескен шығармашылық сапарлар және жаңа әндердің тууына әкелген қызықты ынтымақтастық туралы айтты.