8 наурызға арналған Концерт

Март 7, 2024

Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Бәрі де, Ана бір өзіңнен басталады» атты мерекелік концерт өтті. Концертке осы кештің қонағы №1 Балалар музыкалық мектептің өнерлі оқушылары өз өнерлерін паш етті. Кеш барысы 2-тілде жүргізіліп, қонақтардың көңілінен шықты. Көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі Құрметті әжелер, аналар мен арулардың мейрамдары мен музей ұжымы құттықтауларын жаудыртып, сұлу қыздарымыздың керемет мейрамдарын қалт жібермедік. Осындай тамаша көктем мезгілінде аналарымызға өмірдегі бар жақсылықты тіліп, бір сәт болсада көңілдеріне көктем шуақтарын сыйлау біз үшін қуаныш. Кеш қонатары келген аналар мен ару қыздарымызға өз тілектерін білдіріп, нәзік мерекенің көңіл-күйін сезінуге тағы бір мүмкіндік туды. Кешіміздің көркін кіргізген өнерлі балалар әр-түрлі аспапта ойнап, «Ана» тақырыбында өлеңдерін шырқады. Залдағы атмосфералық жағдай тек аяулы аналарымызға арналып, амандықтарын тілеп тұрғандай сезім болды. Көктемнің осы керемет мейрамы, әр әйел затына тек қуаныш пен махабббат және өмірге деген жақсы көз қарастар әкеледі деген алға жетелеген тамаша үміттеремен кешімізді көңілді нотада аяқтадық. Өнер көрсеткен бүлдіршіндер алғыс хат пен марапатталды.