«Халқының жүрегінде сұлу үні қалды»

Май 17, 2024

17 мамыр 2024 жылы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде Жәнібек Карменовтың 75-жылдығына орай «Халқының жүрегінде сұлу үні қалды» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кешке Әміре Қашаубаев атындағы мемелекеттік филармониясының дәстүрлі әншілері Камидолдин Қайрат, Тажиев Жасұлан Бауыржанов Айдан әншілеріміз қатысып Жәнібек ағамыздың шығармашылығынан әндерін орындады. Жәнібек Карменовтың өмірбаянын әдеби монтажды №31 орта мектеп оқушылары оқып, әншінің өмір-тарихын, өткен жолдарын, жүрген жерлерін айтып насихаттады. Жәнібек Карменовтың фото суреттері көрсетіліп, шығармашылығына ерекше тоқтау болды.