Балаларды қорғау күні

Июнь 1, 2024

1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға №17 орта білім беретін бастауыш сынып оқушылары келді. Мерекелік іс-шараны танысып, ұйымдастыру мен бастадық. Балаларды музей алаңына алып шығып қызықты командалық ойындар ойнадық. Екі командаға бөлініп
«Шар үрлеу», «Кім жылдам», «Мерген», «Су тасу», «Су, от, ауа, жер» ойыны ойнатылды. Балалар үшін арнайы фото аймақ пен мерекелік атмосфера жасалды. Балалар ойынды қызыға ойнап, мерекенің соңында сыйлықтарын алып ризашылық пен қайтты.