Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Мамыр 31, 2024

Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі, бұл Қазақстан тарихындағы миллиондаған адамдардың өліміне әкеп соққан жаппай саяси қуғын-сүргін мен жантүршігерлік ашаршылықтың ең қасіретті беттерінің бірі. Саяси қуғын-сүргін толқыны қазақ зиялыларының талай өкілдерін жойды.Осы күнге орай Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде қуғын-сүргін және ашыршылыққа ұшыраған құрбандарын еске алу танымдық іс-шара өтті. Сабақ барысында Алаштықтар туралы мәлімет беріліп, олар жайлы видео көрсетілді. Тарих мүғалімі Сыбанбай Инабат осы тарихтың қалай басталып, болған себебін түсіндіріп, студенттерге мәлімет берді. Музей қызметкері Белякина Алла Николаевна музей көрмесінен қуғын-сүргінге ұшыраған алашықтар мен Қ. Мұхамедханов және Талжанов жайлы тереңрек айтып, өте мәнді мәлімет берді. Осы заманның ұрпақтары Тәуелсіз Қазақстанда тәуелсіз ұрпақ екеніне біз қуанамыз.