2024 жылғы 30 сәуірде Ф. М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні» мерекесі қарсаңында Орыс әлеуметтік — мәдени орталығының, Татар өнер мектебінің және «Возрождение» неміс орталығының өкілдерімен мерекелік кездесу, кеш өтті. Көрермендердің назарына ұсынылды қуыршақ театырының ертегілері әр түрлі ұлттың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқаны жайлы көрсетілді.
Осы мерекеге арналған, сонымен қатар халықтар арасындағы жақсылық пен достық туралы бірнеше ән шырқалды. Неміс тілінде викторина ойналып, жауабын тапқан көреременге сыйлықтар таратылды.