Ақындар айтысы

Май 3, 2024

Ф.М. Достоевскийдің әдеби-меориаодық музейінде «Айтыс өнер қазынасы» атты ақындар айтысы өтті. Айтыс-халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыстың түрлері көп соның ішіенді «түре» атыс түрін көрсетіп Дәмеш Серікбаевна апамыз бастаған 3-жұп ақындар жұбы келіп музейге айтыс түрін көрсетті.
Жеңісқазин Айбек, Сарсенбаев Ерасыл, Нұрболұлы Ұлан, Мақаев Жасұлан, Қыдырбеков Әлішер ақындарымыз келіп айтыстың сәнін келтіріп, кешті жандыра түсті. Ақындар жұптасып айтысып, әр түрлі тақырыптар қозғалып музей ұжымына алғыстарын ән мен білдіріп келген көрерменнің көңілінен шығып ризалыққа ие болды. Кеш қонағы айтыскерлер одағының төрағасы Сметов Даулет Кәртайұлы және Семей халықтар ақындар орталығының жетекшісі Омарбаева Дәмеш Серікбаевна өз лебіздерін білдіріп алдағы жұмыстарға шығармашылық табыс тіледі. М.Төлебаев атындағы музыкалық училище студенттері өз өнерлерін көрсетіп, әндерін паш етті. Музейімізде алғаш рет өтіп жатқан айтыс өнеріне тәнті болып, болашақта өткізу дәстүрге айналуына тілектес болдық. Айтысты жандыра түскен ақындарымызға алғыс айта ақындар айтысын тамаша ән мен аяқтап өте тамаша кештің куәсі болдық.