Әдеби экспозиция

Экспозийиядағы деректер дөңгелене орналасқан, олар ішкі және сыртқы екі шеңберден тұрады. Сыртқы шеңберде жазушының  балалық шағы, шығармашыдығы, инженерлік училищеде оқуы, әдеби қызметтің  басталуы, Семипалатинск кезеңі және т.б.

Ішкі шеңбер «Өлі үй» композициясымен шектелген.

Ф.Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығының Семипалатинсктегі кезеңі экспозицияда басым болып табылады. Осыған байланысты залды безендіру кезінде үш түстің – ақ, қоңыр, (құм түстес) сарғыш түстің үйлесімі пайдаланылды.

Қабырғалары Ф.М.Достоевскийдің тұрғылықты жерлері, оның қолжазбаларының көшірмелері бейнеленген тұсқағаздармен безендірілген.

Экспозицияға арналған эпиграф Ф.М.Достоевскийдің 1839 жылғы 16 тамыздағы үлкен ағасы Михаилге жазған хатынан алынған, онда оның болашақ шығармашылыққа деген  сенімін айқын көрсеткен.

 «Адам құпия, оны шеше білу керек, бұл құпияны өмір бойы шешумен айналыстым деген күнде де уақытты текке өткіздім деме, мен бұл құпияны шешумен айналысудамын, өйткені адам болғым келеді».

 

МӘСКЕУ. БАЛАЛЫҚШАҒЫ.

Федор Достоевский 1821 жылы 30 қазанда (жаңа стиль бойынша 11 қараша) Мәскеуде, Мәскеу қаласындағы кедейлерге арналған Марийнск ауруханасының дәрігері Михаил Федорович Достоевскийдің отбасында дүниеге келген.

 «Мен дін тәртібін ұстанушы орыс отбасынан шықтым. Ес білгелі ата-анамның маған деген махаббатын сезініп өстім…»-деп Федор Михайлович 1873 жылғы «Жазушының күнделгіде» жазған еді.

Кешке жақын, күнделікті тәртіппен қонақ бөлмеде екі шамның жарығымен отбасы кітап оқуға жиналатын. Державинді, Жуковский, Пушкинді, Лажечниковті оқитын, ең жиі оқылатын шығарма  ол – Карамзиннің «Ресей мемлекетінің тарихы» кітабы еді.

«Мен Карамзин жазған орыс тарихының негізгі бөлімдерін білгенде небәрі он жаста ғана едім. Әкем оны дауыстап оқып беретін еді»

Достоевский он жеті жасында Пушкин шығармаларының бәрін жатқа білетін, Державиннің, Лермонтовтың, Бальзактың, Шиллер, Гюго,Гофман, Шекспир, Гете, Купер, Паскаль, В.Скоттың шығармашылығымен жақын таныс болды.

Достоевскийдің балалық және жастық шағында тұлғасының қалыптасуына шынайы әдебиеттің ұлы да сырлы әлемі әсер етті. «Асылы мен қасиеттісі болмаса», «жақсылық пен сұлулыққа деген қызығушылығы», «балалық шағының естеліктерінсіз»  адам өмір сүре алмайды. Адамның ең әсерлі, ең қастерлі естеліктері – әр кез балалық шақтан алынды» – деп жазған еді.

 

ПЕТЕРБОР.  ИНЖЕНЕРЛІК УЧИЛИЩЕ.

 1838 жылы 16 қаңтарда Ф.М.Достоевский Басты әскери училищенің 3-кондуктролық сыныбына қабылданды.

Училище Инженерлер қамалында (Михайл қамалы) орналасқан еді. (1-Павелдың бұрынғы резиденциясы). Бұл – 19 ғасырдағы Ресейдегі ең мықты оқу орындарының бірі болатын. Ол жерде тек қана әскери дайындықтан емес, гумнитарлық білімдерден де жақсы дайындап шығаратын.

1843 жылы оқуын тәмәмдағаннан кейін ол Негізгі Инженерлік басқармаға жұмысқа алынды, бірақ ол жерде жұмыс істегеніне жарты жыл болмай тұрып, Достоевский тұрақты орын мен тұрақты жалақыдан гөрі, тұрақсыз әдебиетшігің өмірін қалап, қызметтен кетуге арыз жазды. 1844 жылы 19 казанда ол қызметтен «отбасылық жағдайым бойынша» деп қызметтен босатылды.

 

 ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСТАУЫ 1844-1848жж.

 Достоевский әдебиетке 40 жылдардың орта шегінде В.Г. Белинский бастаған әдебиеттегі «Натуралды мектеп» негізгі бағыты болып тұрған кезде аяқ басты.

Достоевский еш бір шығармасын дәл алғашқы романы «Бейшаралар» сияқты нақышына келтіріп, өңдеген емес, бұл шығарманы жазуға оның тура екі жыл уақыты кетті. 1845 жылдың мамыр айында Достоевский әдебиет әлемінде өзіндік беделі бар,   Д.Григорович пен  Н.Некрасов романның толығымен жазылған дұрыс нұсқасын көрсетті және ол елордалық әдебиет әлемде айтарлықтай көрнекті орынға ие болды.

1846 жылдың басында Некрасов өзіннің «Петерборлық жинағында» романды басып шығарды. Бірақ роман басылып шықпай тұрып, Мәскеу мен Петербор әдебит ортасында кең тарап, Достоевскийге атақ әкеліп үлгерген еді.

 

ПЕТРАШЕВСКИЙ ҰЙЫМЫ

1846 жылдың көктемінде Достоевский М.В. Буташевич- Петрашевскиймен танысады. Оның пәтерінде Ресейдің жарқын болашағын армандайтын, Францияның әлеуметтік утопиялық революциясымен әуестенетін, сауатты, батыл жастар жиналатын. Олар Шарль Фурьенің «азаматтың алтын ғасыры» атты теориясын ұстанып, өздерін фурьеристерміз деп атап, сол кездегі орыс қоғамын алаңдатқан саяси және әлеуметтік сұрақтарды талқылайтын.

Достоевский осы ұйымның белсенді мұшесіне айналды.

1849 жылы   сәуірде қараған түні Петрашевский ұйымының барлық мүшелері тұтқынға алынды. (130 адамнан астам); олардың қатарында Ф. М. Достоевский мен ұйымның іргетасын қалаушы  М.В. Буташевич- Петрашевский де бар.

Тергеу сегіз айға созылды. Петрашевский ұйымы мүшелерінің ісін әскери сот қарады. 1849 жылдың қарашасында жазушыға үкім шығарылды «… барлық құқұғы мен шенінен айырылып, ату жазасына кесілсін».

Өлім жазасы үкімін іске асыру – 1849 жылдың 22- желтоқсанында Семен алаңында өтті.

Өлім үкімі каторгалық жұмыс пен әскери қызметке ауыстырылды.

 

ОМБЫ. КАТОРГА.

Омбы кезеңінің материалдары музейдің «Өлі үй» композициясында көрсетілген.

Залдың ортасындағы қара түсті темір тор ішкі шеңберді құрайды. Ол әр жерден кедергі туындатады. Оның торкөздерінде кесілген ағаш тақтайшалар орнатылған. Әр тақтайшада жалбарынған, айғайлаған, қайғыға батқан әр түрлі психологиялық күйдегі адамдардың бет-әлпеті бейнеленген.

Бұл Достоевскийдің шығармашылығына арқау болған азаматтың толық болмысы. Дәл осы сәтте жазушы шешімсіз қарама-қайшылыққа тап келеді: бір жағынан- қорлау болса, екінші жағынан – шындықты түсіну, сезіну.

«Өлі үйге» кіре бергенде шартты түрде «тозақтың есігі» ашылады.

Кіре бергенде оң жақ тақтайшаларда «жылаған», ал сол жағында «күлген» адамдардың бет әлпеті бейнеленген. Түрменің ішкі қабырғасы үш жолаққа бөлінген. Үстіңгі екі қатар «аспанға қарағандар», төменгі екі қатар «жерге үңілгендер», ортаңғы қатарда «осы шаққа қараған» немесе «бейғам» адамдардың бейнелері көрсетілген.

Ортадағы тақтай тұғырда тұтқындарды жеткізуге арналған түрме күймесінің макеті, Омбы каторгасындағы барактың макеті және аяққа арналған кісен орналасқан.

Достоевскийдің «Өлі үй жазбалары» романына салынған атақты екі суретші А.Толкачева мен А.Корсокованың иллюстрациялары түрме кезеңінің әсерін күшейте түседі.

Каторга жаңғырығы ретінде Достоевскийдің санасы мен жүрегінде мәңгі қалған «Өлі үйдің» үзіндісі Семей мен Петербург кезеңінің материалдары экспозициялық құрылыммен жалғасады.

1854 жылдың 23 қаңтарында Достоевский түрмеден шықты, ал сол жылдың 2-ші наурызында Семейдегі 7-ші шептік Сібір батальонының 1-ші айыпты ротасына қатардағы жауынгер ретінде жіберілді. Жазушы өмірінің келесі кезеңі – айдаудағы әскери қызметі басталды.

 

СЕМИПАЛАТИНСК

Семейдегі кезең музей экспозициясының ортасынан орын алған. Ол екі жарты шеңбермен қоршалып, төртбұрышты кеңістікті жұмсатып, қазақ даласының рәмізін көрсетеді.

Экспозицияда үлкен панорамалар мен «еуропалық қағамның ардақтыларына» қарағанда Достоевскийдің назарын аудартқан қазақтың қарапайым тұрмысының заттары қойылған.

Достоевский Семейге кісенсіз, күзетсіз бірақ этаппен келді. Наурыз айы еді, көктем сезілетін. Жазушыға барлығы жаңа туғандай көрінді. Ол бар болмысының әр бөлігімен еркіндікті сезінді, көптеген бітпес түндер мен күндер бойына айырылған бостандықты сезінді.

Достоевский өзіне ұнамайтын әскери қызметті өтеу керек екенің, сонымен қатар жан жылулығын жоғалтып алмай, адамзатқа өзінің болмысын аша отырып, басылымға қайта оралу керек екнің жақсы түсінді.

Кең дала мен Батыс Сібірдің шекарасында орналасқан Семей Еуропа мен Азия мәдениетінің біртүрлі үйлесімі оны таң қалдырды. Бұл қала үлкен сауда орталығы болатын, мұнда Орталық Азиядан Үндістан мен Қытайдан ондаған сауда керуендері ағылып келіп жатты.

Әдеби экспозицияда Семейдің үлкен макеті ұсынылған, онда Достоевскийдің есімімен байланысты орындар ерекше көрсетілген.

Семей жерінде оның алғашқы, қиын да азапты М.Д.Исаеваға деген махаббат сезімі басталды. Көптеген өмір кедергілерінен өтіп Достоевский Мария Дмитиевнаға үйленді.

 

 СЕМЕЙДЕ ЖАЗҒАН   ПОВЕСТЕРІ

Семейде Достоевский әдебиетсіз, шығармашылықсыз отыра алмай, каторгадан кейін ол еңсесін тсірген жоқ, керсінше ол өзінің жазушылық қабілетіне сенді.

1859 жылдың қаңтарында Достоевский «Ағайдың түсі» повесін аяқтады.

Сол жылы тағы бір Семейде жазған «Степанчиково ауылы және оның тұрғындары» атты повесі жарық көрді.

Экспозицияда Семейде жазылған повестердің ең алғащқы басылымы мен Достоевскийдің қойын дәптерінің беттері, Қазақстандық суретшілер    Е.Сидоркин мен А. Дячкиннің шығармаға салған суреттері қойылған.

 

Ш.УӘЛИХАНОВПЕН ДОСТЫҒЫ

Ф. М. Достоевский мен Ш. Уәлихановтың алғашқы кездесуі Омбыда өтті. Ол үлкен достыққа ұласты, оны Семей қаласындағы кездесулер, сондай-ақ алты жылдық хат алмасу болды (1856 жылдан 1862 жылға дейін).

Достоевскийдің Уәлихановпен достығы екеуі үшін де үлкен маңызға ие болды және олардың рухани әлемінде терең із қалдырды

Семей қаласындағы соңғы кездесу 1859 жылдың көктемінде Уәлиханов Қашқарға сапарынан оралғанда, Достоевский қаладан кетуге мәжбүр болған кезде болды. Естелік ретінде достар суретке түсті. Н. Лейбиннің жұмысының шағын фотосуреті олардың рухани бауырластығының мәңгілік символына айналды.

Көрменің Ш.Уәлихановтың ғалым, саяхатшы, түркітанушы ретіндегі тұлғасын ашатын бөлімінде сирек кездесетің материалдар қойылған.

Экспозицияның бұл бөлімінде фотосуреттерден, құжаттардан, кітаптардан, иллюстрациялардан басқа назар аудартатын Мәскеу мүсіншісі Дмитрий Элбакидзе ақ мәрмәрден жасалған Достоевский мен Уәлихановтың  кеуде скулпторы. Ол сонымен қатар музей жанында орнатылған «Ф. Достоевский және Ш. Уәлиханов» қола мүсінінің де авторы. Бұл ескерткіш терең символикалық және екі тағдырды, ажырамас достықпен біріктірілген екі халықты бейнелейді. 

 

ҚАЙТЫП ОРАЛУ

1859 жылдың наурызында 7- Сібір батальонының прапорщигі  Ф.М.Достоевскийді денсаулығына байланысты отставкаға жіберу туралы бұйрық шықты. Бірақ Мәскеу мен Петерборда тұруға рұқсат етілмегендіктен тұрғылықты жері болып Тверь қаласы тағайындалды. Сол кезде жазушы ортақ мүддеде басылымға шығуға рұқсат алды.

1859 жылдың 2 шілдесінде Достоевскийлер отбасы Семейден кетті.

1861 жылы жазушы ағасы Михаилмен бірге «Время» журналын шығара бастады. 29.05.1863 «Время» журналы Н.Н.Страховтың «Қатерлі сұрақ» атты мақаласы үшін жабылды.

1864 жылдың  27 қаңтарында М.М.Достоевский «Эпоха» журналын шығаруға рұқсат алды.

 

Достоевскийдің шетелдерге саяхаты.

Достоевский өз өмірінде 8 рет шетелге шығып, онда барлығы бес жарым жылдай өмір сүрген және Еуропаның 30-дан астам қалаларын аралаған.                

 

Әлемге әйгілі бес кітап

Бұл бөлімді «Қылмыс пен жаза» романы ашады (1866 г)

Бұл – әлем әдебиетін байтқан, бұрын соңды болмаған, Достоевскийдің ұлы туындысы.Бұрын сонды романдарда авантюралық, детективтік, ашылмаған құпясымен, адам өлімімен және басқа да драммалармен бірге, соншалықты терең әлеуметтік философиялық ой қозғалмаған еді.

Экспозицияда осы романға арналған бөлімде  Д.Шмаринов пен  С.Косенкотың салған суреттері орналасқан.

Экспозиция бөлімінде келесі романдар ұсынылған: «Нақұрыс» (1868), «Жындар» (1871), «Жеткіншек» (1875), «Ағайынды Карамазовтар» (1878).

 

«Суреттер»

 Достоевскийдлің әлемге әйгілі, Ұлы бес кітапқа кіретін романдарына арнап салынған Петерборлық суретші Г.Ф.Козлитиннің «Қан», «Тер», «Жас», «Тоғысу» атты экспозиция қабырғаларына салған суреттері жан тебірентеді.

Қабырғаға салған суреттің авторы – жазушы адамгершіліктің құлдырауы мен қайта оралуы, мәңгілік үйлесімділікке ұмтылу туралы идеяларын көрсетуге тырысады. Бірақ оны қалай көрсетуге болады? Жауапты кім береді? Адамзаттың күнәсін қайғымен жуып, оған келуге болама? Бұл сұрақтың жауабын таппай Достоевскиймен бірге оның кейіпкерлері қиналады, Иван Карамазов соған қарсы шығады.

Қабырғаға салынған әр суреттің ортасында қайғырған, терең сұрақтар толғандыратын, қоғаммен қарама-қайшылыққа келген және сол қоғамнан аса алмайтын адам бейнесі салынған.

Бірінші – «Қан» композициясының кейіпкері бір мезетте кісі өлтіруші және құрбан.

Бұл сезімдер құрсауында қалған, бүкіл әлемді өзгертуге бел буған, сол ойы үшін адам өлтіруге дейін баратын адам бола тұра, шын ниеттен өкіне алатын, жер бетіндегі ең ауыр сот – өзінің арының алдындағы сотто, ең ауыр жаза алуға әзір жан.

«Қылмыс пен жазадағы» Р.Раскольников: «Мен кемпірді өлтірдім бе?Мен оны емес, өзімді өлтірдім! Сөйтіп өзімді мәңгілікке жойдым!…» – дейді.

Бұл кейіпкердің бет-аузы мен шашында лағыл тас тәріздес алқызыл қан тамшылары оның қолдарына төмен қарай ағып барып, куәға толы жерге сінеді. Кейіпкердің айналасында ұсқынсыз, ызалы, қорқыныш шақыратын, қылмыс пен жеккөруге итермелейтін кеңістік туындататын тобырлар жиналған. Бұл 19 – ғасырда Достоевскийдің 20-ғасыр қан мен қорқынышқа тұншығады деген болжамының дәл келуі емес пе?

Сонда адамзат пен әлемді не нәрсе құтқарады? Бәлкім еңбек, шыдамдылық пен бойұсынушылық па ?

«Паң, өркөкірек адам-әсіресе өзіңнің менмеңдігінді көндір… көп бос сенделген адам – бәрінен бұрын туған жеріңде нңбек етсе…» – дейді Достоевский А.Пушкине туралы айтқан өзінің атақты сөзінде.

Екінші қабырға суреті «Тер» деп аталады. Онда данышпан, ұзақ та қиын өмір сүріп, әлемнің құпиясын шешкен диуана қария бейнеленген. Оның бетіндегі әжімдердің тереңдігі өмірінің қиындығы мен еңбегінің жемісі, маңдайынаен аққан тер жерге тамып жатыр… Бірақ қария дұрыс өмірін сүрді ме, жоқ па білмейді, о дүниеге барғанда оның жаны құтқарыла ма екен, бұл сұраққа ешкім жауап бере алмайды…

Ал әсемдік пен үйлесімділік ше? «әлемді әдемілік құтқарады» – деп армандаған еді Достоевский. Бірақ үшінші «Жас» композициясында ұсқынсыз және қатыгез қоғамның кесірінен әдеміліктің өзі шексіз қайғырып, қынжылады, ол бүкіл адамның қайғысын көз жасымен жуады.

Шындықты іздеген Достоевскийдің күнәһар әрі тақуа, рухани кіршіксіз таза, көнген, сенімі мол әрі сенімсіз кейіпкерлері үшінші «Тоғысу» композициясында автордың өзіне ұмтылады.

 

ДОСТОЕВСКИЙ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

 Бұл бөлім әдеби экспозицияны аяқтайды. Мұнда Ф.М.Достоевскийдің жеті музейі туралы материалдар ұсынылған. Әлем халықтарының тілдерінде аудармалар. Ф.М.Достоевскийдің шығармалары бойынша театрлық және кино нұсқалары бар.