Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

Май 3, 2024

Ф.М. Достоевскийдің әдеби мемориалдық музейінді тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай әдеби-музыкалық кеш өтті. Кешке Геологиялық барлау колледж студенттері мен №1 музыкалық мектеп оқушылары қатысты.
Геологиялық барлау колледжінің «Гаухартас» драма үйірмесінің қатысушылары Қ.Сатбаевтың өмір баяны жайлы әдеби монтаж оқыды. Аталаған үйірменің қатушылары Қаныш ағамыз жайлы керемет көрініс көрсетті. Әсеріміз өте тамаша. Шын мәнінде Қаныш ағамыздың өзі осы өмірде жүргендей сезім алып, көрермендер ризашылығын білдірді. Музыкалық сүймелдеумен кешіміздің сәнін келтірген №1музыкалық балалар мектебінің оқушылары өнер көрсетті.
Алаштың бір арысы –Қаныш еді
Қаныш еді,
Қол жетпейтін ғарыш еді.
Кең маңдай,
Керме иық,
Керім келбет,
Көңілі көл,
Қиялы құс,
Жаны сері.