Мерейтойлық мерекелер 15 мамырда Ф.М. Достоевский мен Ш.Ш. Уәлихановтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Осыдан кейін Шәкірім университетінде «Достоевский және әлемдік мәдениет: көркем мұра және руханият» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуы өтті. Конференцияға Қазақстан мен Ресейдің мәдениет қайраткерлері, ғалымдары және студенттері қатысты.











