Ұлттық ұлан күні

Январь 10, 2025


Достоевский музейінде ҚР Ұлттық ұланы күніне арналған мерекелік ертеңгілік өтті. Іс-шараға «ҚР Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімі» РММ лейтенанты және №1 Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. «Жас Ұлан» ерлер лицейінің лицейлері отанды қорғауға арналған патриоттық өлеңдер оқыды. Мерекенің ең кішкентай қатысушылары — №17 ЖОББМ КММ бірінші сынып оқушылары өздерінің мұғалімі А. Б. Бейсембаеваның жетекшілігімен литмонтаж және патриоттық ән дайындады. Шарада қазақстандық жазушы Қалиақпаров Ш.А. сөз сөйледі ол өзінің шығармашылығы туралы айтып, өзі жазған кітаптарын көрсетті. Бірақ көрермендердің көпшілігін 2-ші Беларусь майданының 50 –ші армиясының 1264-ші атқыштар полкінің 45 мм зеңбіректерінің атыс взводының командирі, старшина, Кеңес Одағының Батыры Айткеш Ибраевтің ерлігі туралы айтты. Жазушы музейға өзінің жеті кітабын сыйға тартты.