Дүниежүзілік шоколад күні
18 шiлде 2023 ж. Ф. М. Достоевский музейінің қызметкерлері «Дүниежүзілік шоколад» күніне орай шеберлік-сабағын өткізді
Жыл сайын шілде айының басында бүкіл әлемде шоколад күні тойланады. Бұл тәтті мереке алғаш рет Францияда 1995 жылы атап өтілді. Ф.М. Достоевский музейінің қызметкерлері бұл мерекені кондитер Сая Баймухановамен бірге оқушыларға шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік-сабаққа орта мектеп орындарының бірнеше оқушылары келді, олар болашақта кондитер мамандығын игергісі келеді. С. Баймуханова кәдімгі шоколадтан қандай тағамдар дайындауға болатындығы туралы айтты. Танымал десерттердің бірі-шоколадтты торт екенін алға тартып, дайындау рецепбі мен бөлісті.
Маман барлық ұсыныстарды орындап және тортты рецепт бойынша жасау керектігін түсіндірді. Сонымен қатар қолданатын тағамдар адам денсаулығына зиян болмайтындай тек нәрлі және сапалы өнімдерді қолдану керектігін айтты. Шеберлік сабақ кезінде дайындалған торттың негізгі ингредиенті қара, қою шоколадттан болды.
Тортты дайындауға және безендіруге шамамен бір сағат кетті. Осы кезеңде болашақ кондитерлер шоколад және таңдалған мамандықтың мәні, ерекшелігі туралы көп білді. Мектеп оқушылары кондитер аспаздары мен музей қызметкерлеріне қызықты шеберлік сабақ үшін алғыстарын білдірді.
Айта кету керек ацтектер шоколад жасауды бірінші болып үйренді. Олар бұл десертті «құдайлардың тамағы» деп атаған. Оны Еуропаға алғаш әкелген испан конкистадорлары бұл тағамды «қара алтын» деп атады және оны физикалық күш пен төзімділікті арттыру үшін пайдаланды. Сонымен қатар, қара шоколад сорттары ағзаны ләззат сезіміне бөлендіріп, көңіл-күйді жақсартатын және дененің тонусын сақтайтын бақыт гормондарының бөлінуін қамтамасыз етеді.