«Көктемгі көңіл-күй»
2023 жылдың 27 сәуірінде Ф.М. Достоевский музейінің әдеби музыкалық залында «көктемгі көңіл-күй» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтті. Кездесуді «Иртышские огоньки» әдеби-поэтикалық бірлестігінің ақындары ұйымдастырды. Бірлестік төрағасы ақын Евгений Титаев көрермендер үшін қаламызда әр жылдары өмір сүрген ақындар мен жазушылардың фотосуреттерін көрсететін шағын бейнеролик дайындады. Соны мен қатар ол заманауи «әдеби жиындар» жайлы, Өскемен қаласының «Звено Алтая» ақындарымен тығыз достастық және бірлескен іс-шаралар туралы әңгімеледі.
Кеште Любовь Харитоненко мен Николай Кульгускин, Евгений Михайлов және Евгений Рыбченко өз өлеңдерін оқыды. Ғабдулхақ Ахунжановтың орындауында Евгений Титаевтың өлеңдеріне арналған әндер шырқалды, олар барлық қатысушыларға көктемнің керемет көңіл-күйін сыйлады. Іс-шараның көрермендері КРиС студенттері болды.